Қызметі
Палата туралы
Асыл тұқымды өнімге мәртебе беруді және асыл тұқымды куәлік беруді олардың Республикалық палатадағы мүшелігіне қарамастан жеке немесе заңды тұлғаның өтініші негізінде Республикалық палата жүзеге асырады.
Палатадағы асыл тұқымды мал өсірушілер саны – 990 ауыл шаруашылығы субъектілері мен шаруа қожалықтары.
2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қазақтың ақбас тұқымындағы таза тұқымды мал 420 мың бас, оның ішінде 144 мың бас сиыр бар.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Қазақтың ақбас тұқымы» республикалық палатасы 300 мың асыл тұқымды малды, оның ішінде палата мүшелері арасында 129 мың бас асыл тұқымды малды тіркеді.
Республикалық палатаның құрылымы: селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты жүргізуге, және үйлестіруге бірлесіп, жауапты алқалы органнан, Республикалық палата Кеңесінен және атқарушы органнан тұрады.
Алқалы орган- Республикалық палата мүшелерінің жиналысы жоғарғы басқару органы болып келеді.
Алқалы орган Республикалық палатаны дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындайды және шешімдер қабылдайды.
Республикалық палата Кеңесін Республикалық палатаның Жарғысына сәйкес, алқалы орган сайлайды және Республикалық палата мүшелерінің мүдделерін білдіреді.
Республикалық палата кеңесі Қазақстан Республикасының заңдарында және Республикалық палатаның жарғысында белгіленген құзыретіне сәйкес басшылықты жүзеге асырады.
Республикалық палата Кеңесінің құрамына, Республикалық палатаның мүшелері мен ғылыми ұйымдардың өкілдері кіреді.
Республикалық палата Кеңесінің төрағасы Республикалық палата Кеңесі мүшелерінің арасынан сайланады және оны алқалы орган бекітеді.
Қазақтың ақбас тұқымына малдарына қойылатын минималды талаптар
Жасы | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
Салмағы (бұқашық) | 170 | 190 | 210 | 230 | 255 | 275 | 300 | 320 | 345 | 365 | 385 | 410 | 430 | 450 | 470 | 485 | 505 | 520 | 540 |
Салмағы(құнажын,қашар) | 160 | 175 | 190 | 205 | 225 | 240 | 260 | 275 | 290 | 305 | 320 | 335 | 350 | 355 | 365 | 375 | 385 | 390 | 400 |
Қазақтың ақбас тұқымының бұқалары мен сиырларына қойылатын минималды талаптар
Көрсеткіштер | Бұқа | Бұқа | Бұқа | Бұқа | Сиыр | Сиыр | Сиыр |
Жасы | 2 | 3 | 4 | 5+ | 3 | 4 | 5+ |
Тірі салмағы | 540 | 670 | 760 | 820 | 430 | 480 | 520 |
Республикалық палата кеңесі:
1) атқарушы органның еңбек тәртібін айқындайды және қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
2) Республикалық Палатаның бюджетін бекітеді;
3) алқалы органға тарифтік саясатқа өзгерістер енгізуді ұсынады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.